07.08.2013

SEO деген не? Сайтты Сео дамытамыз

Қайырлы күн. Бүгін мен Seo деген не екенің және Сео дамудың керемет жақтарың және неге сайтты дамытқанда Search Engine Optimization (Іздеуші системаларда даму және қалыптасу) тастап кетуге болмайтының айқым келіп отыр.
Шын мәнінде бұл жазба бастаушы вебмастерлерге арналған болса да, өз тәжірбием бойынша қазіргі вебмастерлердің көбісі Seo дамуды тастап кетіп жатады деп айта аламын. Ол ақымақтың ісі.




Бір белгілі болып кеткен нәрсе бар - адамдарға арнап жазбалар жазыңдар және бақыт өзін ұзақ күттірмейді. Ия, контент (сайттың мазмұны) cөзсіз сайттың дамуындағы негізгі факторлардың бірі, бірақ сайттың дамуы үшін жалғыз ол жеткіліксіз.


Seo - деген не және ол дамуға қандай үлес қосады?
Қазіргі іздеуші системаларда сайттың тәрбие факторларың тексеру деген зат бар. Солардың көмегі арқылы іздеуші Яндекс және қазақтіліндегі іздеуші Google кірушіге сол сайт қызық па әлде жоқ па екенің біледі (Рамблер-ді қараудың қажеті жоқ, себебі 2011 жылдан бері ол Yandex-тің іздеуімен қолданады).

Сіздерге айтарым Seo деген - ол күш. Сол күш сіздің сайтыңызға көптеген адамдарды кіргізе алады. Сіздің кейінгі істейтің ісіңіз (Сео дамудан соң) сол келген адамды (іздеушіден келген) барынша қызықтырып ұстап қалу. Әрине ол үшін сіздің жазбаларыңызда қызық болуы тиіс және Seo дамыған болуыңыз тиіс. Себебі, Сео дамусыз сіз олай істей алмайсыз. Себебі сізге кіретің ешкім жоқ болса, онда қалай ұстап отырасыз? 


Ары қарай қалғандарға жалғастырамын. Ендеше... Seo деген не екенінен, оның аяғы қай жерінен өседі соны білейік.


Тас дәуірінен бастайық. Ғаламтор өте үлкен қоқыс болды, керек емес, пайдалы емес заттары көп. Бір қызығы ол әлі күнге солай болып келе жатыр. Басты қиындық әрі пайдаланушының әрі пайдалы, қызықты сайт ашқан вебмастердің - ол бір-бірін табу. Қолданушылар тек қана сізге керек деп ойламаңыз. Сіздің пайдалы ақпараттары мол сайтыңыз да қолданушыға керек.


Күннің астындағы рахат, жылы орынға таласудың негізгі жолы ол Seo. Seo - ол сіздің сайтыңыздың тақырыбына сай іздеу болғанда Яндекс және Гуглдің алғашқы бетіне шығу. 10-шы орыннан төмен сайттарға 0,0001% ғана адамдар барады. Ал сіз ойланыңыз, алғашқы орында тұрған сайтқа қанша адам барады?


Алғашқы Топ 10-ға шығу оңай емес. Сол себепті ол үшін таласу ойыншық емес және Seo дамудың кез-келген тәсілі таразының бір жағың сізге жығып беруі мүмкін, ал егер Сео дамымаған жағдайда немесе дұрыс дамымаған жағдайда қарсыластың жағына шығып сізді жығып беруі мүмкін. 


Негізі қазіргі таңдағы алғашқы орындарға деген талас астындағы суретке ұқсайды:





Seo ол тек қана технология емес, ол тағы да бизнес. Қазастанда интернет бизнес онша дамымағандықтан білмейтің шығарсыздар, бірақ Seo-компаниялардың айлық табысы миллион доллардан әншейін асады. Ал ол іздеуші системалардың табысы секілді. Не? Іздеуші системалар ақша табады ма? Әрине. Мысал үшін астына қараңыз:


Google-дың тек қана іздеуші сайттарының өзі күніне 10 000$ - дан астам табыс әкеледі.

Бұл тек қана іздеуші 5 қана сайты. Ал Google-да 120 шақты елге сайт арналған. Оған қосымша YouTube, Блоггер және т.б. көптеген сервистері бар. Жалпы Google компаниясының күндік табысы 1 000 000 000 $ -дан асатыны белгілі.

Негізінен Seo-компаниялар және іздеуші системалар бір-бірімен дұшпан. Мысалы бір адам өз сайтың алдыңғы қатарлардан шығарғысы келді десек, онда ол екі жолдың бірін таңдайды:


1 - Seo дамытуды заказ беріп жасату және іздегенде шығатың сайттардың алғашқы ондығына (Топ 10) кіру.


2 - Іздеуші системаға жарнама беру. Әрине ақшаға, тегін емес. 


Егер Seo болмағанда немесе осыншама қолайлы болмағанда ақшаның бәрін іздеуші системалар алатың еді. Ал қазір олар Сео даму жолың таңдаған клиенттерден айрылып отыр. Бірақ, Сеоны тапсырыс бермей ақ өздігінен дамытуға да болады. Астындағы суретте мен қай даму қандай жерде тұратының көрсетейін:




Сіз Seo-ның шын мәнінде жұмыс істейтінің білуіңіз керек. Сіз керемет сайт ашсаңыз да оны жоқ дегенде көп ізделмейтің конкуренция аз сұрақтарда дамытуыңыз керек. Сол кезде сіз азда болса адамдарды ала бастайсыз.


Сұрақтарыңыз болса сұраңыздар...


Ал әзірше, барлығыңызға сәттілік!

2 комментария:

  1. Салам. Егер мен сайт ашып , соны ГУГЛге заказ бермесем,менің мәліметтерімді қолданушыға тауып бермейді ме сонда?

    ОтветитьУдалить
    Ответы
    1. Уағалейкум. Google-ге жарнамаға тапсырысты айтып отырсың ау деймін? Олар күнделікті жанарып іздеп отырады. Сенің сайтынды тіпті тапқан күннің өзінде ол басынды 15-20 беттерде жүреді. Егер контентің мықты болса, және көрсеткіштер арқылы біраз 10-15 адамның кіріп жатқаны байқалса, демек сайтын тоқтамайды! Бірақта тіркеп қоя салған дұрыс. Жақында сол туралы жазба жазамын. Блогқа E-mail арқылы жазылып ала салғаның өзіне дұрыс болмақ!

      Удалить

Достарыңызға жариялаңыз!