Қайырлы күн немесе түн )). Жалпы интернеттегі сайт немесе блогтардың барлығы дерлік HTML тілінде құрылған. Ендеше бүгін сол HTML деген күшті кім екенің, онымен танысып алып, оны қалай сындыруға болатыны жайлы біраз мағлұмат беремін )).
Негізі HTML тілі білген адамға оңай. Миын ашып кетпесе, жалпы үйренуге оңай тіл. Қазақ тілі, орыс тілі деген секілді бұл ғаламтор (интернет) тілі.
HTML тілі деген не?
HTML (ағыл. Hyper Text Markup Language - "веб-беттердегі гипермәтіннің тілі") - Дүниежүзілік шырмауықтағы құжаттардың қалыпты (стандартты) тілі. HTML тілің браузерлер оқи алады, олар оқып, адамға ыңғайлы қылып монитор бетіне шығарады.
HTML тілінің тарихы
HTML тілің ойлап тапқан британдық ғалым Тим-Бернер Ли. Ол 1986-1991 жылдары Жаневада (Швейцария) ядролық зерттеу кезінде ойлап шығарған. Уақыт өте келе бұл тіл Дүниежүзілік шырмауықтағы (WWW - World Wide Web) негізгі тіл болып кетті.
HTML тілінің версиялары
• HTML 2.0 - 1995 жылдың 22 қыркүйегінде стандартты версия ретінде қалыптасты.
• HTML 3.2 - 1997 жылдың 14 қантары.
• HTML 4.0 - 1997 жылдың 18 желтоқсаны.
• HTML 4.01 - 1999 жылдың 24 желтоқсаны.
• ISO/IEC 15445:2000 - (ISO HTML деген атпен белгілі, ресми аты HTML 4.01 Strict) - 2000 жылдың 15 мамырында.
• HTML 5 - жасалынып жатыр. Біту уақыты 2014 жылға жоспарланған.
• HTML 5.1 - 2012 жылдың 19 желтоқсанынан бастап жасала бастады.
HTML тілінің негізгі 1-ші версиясы жоқ. 1995 жылға дейін HTML тілінің ресми емес версиялары көп болды. Сол өтірік версиялардан ерекшелену үшін оған бірден екінші номер берілді.
3 версиясы 1995 жылдың наурыз айында шыққан, бірақ сол кездердегі браузерлерге оқуға қиын болды. 3.1 версиясы ресми түрде ешқашан шықпаған. 3.2 версиясы 3.0 версия секілді шықты, бірақ ондағы көптеген жаңа мүмкіндіктерді алып тастады.
Жалпы негізі HTML тілі SGML-дің функциясы болса, XTHML XML-дің функциясы.
1998 жылы HTML 4.0-ге ұқсас бірақ, XML-дің функциясы ретінде гипермәтіннің жаңа тілімен жұмыс істей бастады. Ол шыққаннан соң XHTML 1.0 деген атпен шықты.
XHTML-дің кезекті 2-ші версиясы HTML және ескі XHTML версияларымен байланысың үзу керек болатың. XHTML тілімен жұмыс жасап жатқан топқа 2009 жылдың аяғына дейін рұқсат берілген болатың, алайда олар жұмысың бітіре алмады.
XHTML тілі енді жасалынбайтың болып қабылданды және онымен жұмыс жасаған топтың ақпараттарының бәрі HTML 5.0 версиясына көшті.
Сұрақтарыңыз болса сұраңыздар...
Ал әзірше барлығыңызға сәттілік!
Html тілінің қызметі қандай?
ОтветитьУдалить