09.08.2013

WWW-мен және оларсыз домендер - олардың пайда болу тарихы

Интернетте әрбір ресурс 301 редиректті пайдалану керек. 301 редирект ол доменнің URL-да жазудың бір жолы басты болу үшін керек (www-мен бірге немесе онсыз). Мысалы nur.kz сайтына кірсеңіз сізді бірден www.nur.kz-ке лақтырады.

Сіз, ол не үшін керек деп сұрарсыз? Дәл осы туралы мен осы жазбада айтуға тырысып көремін, бірақ оның тарихынан бастаған дұрыс деп ойлаймын. Осы www-ді URL-да қолдану немесе қолданбау мәселесі қайдан шықты, соны талқылайық.


WWW қайдан шықты және оның қандай жаман жақтары бар

Бірнеше жыл бұрын World Wide Web интернеттің азғантай бір бөлігі болатын, ал оның серверлері өте әлсіз еді. Сол себепті Apache серверін бірінші, почталық серверді басқасында, ал FTP серверін - үшінші компьютерде сақтайтын еді.

Серверлердің аттары, солар орналасқан машиналардан бастау алды. Сол бойынша олардың сервистерінің аттары былай болған еді: www.domain.com, mail.domain.com, ftp.domain.com.


Қазіргі таңда сол сөздің алдына шығатын www-лар анахронизм болып кетті, оларды жәй ғана алып тастау керек, бірақ әлі де болса көп сайттар өздерінің доменіне (domain.com) www-ді жалғайды (www.domain.com).


Дәл солай қазіргі адамдардың да көпшілігі өздерінің браузерінен автоматты түрде сол www-ді қосып жазады. Сол себепті сол сөздің алдына шығатың жалғау әлі де бар және қызықты жағдайларды туғызып отырады.


Техникалық жағынан www.domain.com және domain.com екі түрлі объект болып саналады, айтпақшы және де ол domain.com-ның үшінші дәрежелі домені (субдомен) болып қалады (sub.domain.com).


Бірақ, көпшілік жағдайда www.domain.com және domain.com бір сайтқа алып барады (немесе алып баруы керек) (субдомендерден айырмашылығы sub.domain.com). Әрине, олар бір-біріне аттас (айна) болады.


Әрине, олардың бәрін өткізіп жіберіп бас қатырмауға болады, бірақ егер сіз іздеуші системаларда дамуды шындап жоспарлап отырсаңыз, бұл сіздің жолыңыздағы өте үлкен қиындық болуы мүмкін. Не болатының өзіңіз қараңыз. Көптеген іздеушілер domain.com және www.domain.com-ды бөлек ресурстар деп ойлап қалады.


Дәлірек айтсақ - сіздің проектіңізге әкелетің барлық сыртқы сілтемелер екіге бөлінетің болады, ол сізге сілтемені қалай қойғанына байланысты (www-мен немесе онсыз).


Қорытыңдысы, сіз сыртқы сілтемелердің бір бөлігінен айрылып қаласыз, ал ол, әрине, іздеуші системалардың рейтингінде түсіп кетуге әкеліп соғады.


Одан бөлек, Google немесе Яндекс секілді ірі іздеушілер уникалды контент үшін күреседі және дәл сондай екінші беттерді (іздеуден тіпті бүкіл ресурс түсіп қалуы мүмкін) қабылдамайды. Түсіндіремін.


Мысалы сіздің domain.com доменіңіз танымал болып кетті және оған адамдар көп кіреді, бірақ, өкінішке орай іздеуші система бірінші болып www.domain.com-ды тапты. Ал енді domain.com сайты www.domain.com сайтының екіншісі болып қалды (уникалды емес, өзіне тән контенті жоқ) және ол іздеуден түсіп қалды. Қайғылы солай емес пе? Ол жолдан құтылу үшін барлығы 301 редиректті пайдаланады. Ол 301 редирект жайлы келесі жазбаларымда жазатың боламын. Оны Blogger-де қалай пайдалануға болатыны жайлы.


Сұрақтарыңыз болса сұраңыздар...

Ал, әзірше баршаңызға сәттілік!

1 комментарий:

  1. Www-Мен Және Оларсыз Домендер - Олардың Пайда Болу Тарихы ~ Asikpay.Blogspot.Com >>>>> Download Now

    >>>>> Download Full

    Www-Мен Және Оларсыз Домендер - Олардың Пайда Болу Тарихы ~ Asikpay.Blogspot.Com >>>>> Download LINK

    >>>>> Download Now

    Www-Мен Және Оларсыз Домендер - Олардың Пайда Болу Тарихы ~ Asikpay.Blogspot.Com >>>>> Download Full

    >>>>> Download LINK

    ОтветитьУдалить

Достарыңызға жариялаңыз!