10.08.2013

Blogger сервисінің тарихы

Бүгін мен, блоггер сервисінің тарихы туралы айтқым келді. Ендеше сол Blogger сервисінің не екенің айта кетейін. Кеттік...




Blogger деген не?

Blogger - бұл, болашақ вебмастерге блогтарды ашуға көмектесетін, HTML тілінің негізің білсе, онда тіпті мықты проект жасауға көмектесетің сервис. Blogger сервисі түсінуге өте жеңіл сервис болып табылады. Менің ойымша бұл сервисте блог ашпас бұрын, сіз HTML тілінің негізін біліп алуыңыз қажет. Себебі әншейін блог деген болмайды. Бір ашқаннан соң жақсылап ашу қажет.

Блоггер сервисінің тарихы

Blogger сервисі Pyra Labs компаниясымен 1999 жылдың 23 тамызыңда ашылған. 2003 жылдың ақпанында Pyra Labs компаниясымен Google (осы жерден оның тарихын оқи аласыз) компаниясы келісім шартқа отырды. Келісім шарт жария етілген жоқ. Блоггерді Гугл компаниясы алған соң Блоггерді пайдалану тегін болып кетті. Одан бір жыл өткен соң Pyra Labs компаниясының басшысы Эвег Вильямс Google-дан кетіп қалды. Нәтижесінде Блоггер толығымен Гуглдікі болды. 2004 жылы Google Picasa фотохостингің сатып алып, блоггерге қосып қойды. Дәл осы іс-әрекетімен Блоггер қолданушыларының суреттерің блогқа қоюға оңай қылды. 2004 жылдың 9 мамырында Blogger толығымен жөңдеуден өтті. Нәтижесінде қолданушылар CSS-шаблондарың өзгертуге, архивтағы блогтарды сақтауға, коментарий қалдыру, электорнды почта арқылы жазбаларды жариялауға болатын болды. 2006 жылдың 14 тамызыңда Blogger, жаңадан ашылған Invader атты движоктың бета-версиясына көшті. Бүкіл сервис жәймен Google-дың қарамағына өте бастады және жаңартулар болды. 2006 жылдың желтоқсаныңда бета-версия алынып тасталып, Блоггер толығымен Инвадер движогына көшті. 2007 жылдың мамырына жақындағанда Blogger-дің Google-дың қарамағына өтілуі процессі толығымен бітті.

Blogger сервисінің жақсы және жаман жақтары

Ең алдымен жақсыдан бастайық:
  • Блог ашу оңай, хостинг және үшінші дәрежелі домен тегін беріледі.
  • Блогтың көп функциясың қосуға болады: коментарий, дауыс беру, блог жазбаларына жазылу және т.б.
  • Блогты толық ашу және оны дамыту оңай.
  • Өз доменінді қосуға болады.
  • HTML тілінің негізің білсең болды.
  • Блог ашқанда бірнеше дизайн түрлері беріледі.
  • және т.б.
Ал енді уақыт жаман жақтарына келді:

  • Астыңда шаблон жарнамасы міндетті тұрады, бірақ онша байқалмайды.
  • Бастапқы HTML тілің меңгеру қажет.
  • Автоматты блог мәзірі жоқ, бірақ өзің жазуға болады.
Бұл сервистің негізгі минустары осы ғана.

Бүгінге осымен болды...

Сұрақтарыңыз болса сұраңыздар...

Ал әзірше баршаңызға сәттілік!

0 комментарий:

Отправить комментарий

Достарыңызға жариялаңыз!