02.12.2013

Asikpay Internet Explorer 6-ға қарсы

Қайырлы күн. Менің блогым, тек қана менің блогым емес көптеген сайт, блог, сервис, системалар ешек браузеріне қарсы. Ешек деген не дедіңіз бе? )). Ия, Интернет Эксплорер браузерін осылай атайтын адамдар бар. Қысқаша айтқанда IE. Бүгінгі жазбада мен не үшін Internet Explorer браузерін ешек деп атайтының, Интернет Експлорер браузері не үшін жаман екендігі жайлы айтып кететін боламын. Ендеше бастадық...

IE-ны не үшін ешек деп атайды?
Ол бұл браузердің қысқаша аталуы IE деген сөзден шыққан. IE сөзі оқылғанда ешектің ақырғаны сияқты дауысты береді (иа), міне осы себепті көпшілік (әсіресе вебшеберлер) бұл браузердің ешек деп атайды. Ал Internet Explorer-дің версияларын (мысалы 6), сәйкесінше ешек 6 немесе ешек 10 және сол сияқты атай береді.


Не үшін Internet Explorer-ге көптеген сайттар қарсы?

Бұл оның жұмысына байланысты. Әрине, Windows-та стандартты алғашқы осы браузердің алтыншы версиясы (Internet Explorer 6) қойылған. Бұл браузердің алтыншы версиясы шыққан кезде қазіргідей сайттар көп емес еді және тағы да бір айта кететін зат ол кезде браузерлерде көп емес еді. Арасындағы ең жақсысы ешектің 6-шы версиясы еді. Ал қазір, көптеген браузерлер пайда болғаннан соң бұл браузер мүлдем өзіңіз бақталастарынан қалып кетті. Жақында браузерлер жайлы бөлек жазба жазамын.


Бұл браузер қазіргі HTML5 немесе XHTML және JavaScript тілдерін дұрыс оқи алмайды. Сол себептіде көпшілік сайттардың сәні құртылады (осы браузермен көрген кезде). Сол себепті-де көптеген сайттар қарсы. Кейбір сайттар қайта жақсы, Internet Explorer 6-мен көрген кезде бір кішкене терезе шығып, браузеріңізді өзгертіңіз деп нұсқау береді. Ал кейбір сайттар мүлдем бүкіл сайтты жауып тастайды (өзгертіңіз деген жазуды шығарып) және Internet Explorer-дің барлық версиясына қарсы болады.

Бүгінге осымен жазба аяқталды. Жаңа жазбалар күтіңіздер және достарыңызға жариялап жіберіңіздер )).

3 комментария:

Достарыңызға жариялаңыз!