01.08.2013

Неге Blogger?

Демек, сіз блог ашам деп шештіңіз.


Интернетте блогты өз беттерінде жүргізуге "тегін" жол ашып жатқан сервистер көп. Неге мен тегін деген сөзді тырнақшаға алып жазып жатырмын, себебі олар сізге блог беріп жатқан жоқ, сіз олардың беттерін тегін толтырып беріп жатсыздар, ал кейбір кезде одан да жаман, сіздің блогыңызда олар жарнама жібереді... Бірақ, не дегенімен әркімнің өз ойы бар, дегенімен маған өз блогымның болғаны жақсы және де бөтен бір адамның жарнамасың өз блогымда көргім келмейді.

Неге біз Blogger-де тоқталдық. Ең алдымен ол Google-ға (Гугл компаниясы туралы мына жазбамнан біліңіз) тиесілі, ал ол 700 000 сенімді тұрақты серверлер. Екіншіден бұл өз блогыңды жүргізуге өте ыңғайлы система және әр-түрлі әдемі дизайндар (шаблондар [template]). Және менің бір білерім Google өз блогтарың (Blogger's blogs) лента секілді тез қабылдайды, сен жазып болдың, ал жазбаң Google-дың іздеуінде жүр. Осы Blogger-дің сервистерінің бәрі тегін болып келеді!

Тағыда бір қызығы, сіз өз блогыңызды Google-дың Blogger-інде жүргізгенде сіз біреуге емес өз-өзіңізге жұмыс істейсіз. Сіз домен сатып алып, оны өз блогыңызға жалғап, Blogger-ді өте мықты хостинг ретіңде пайдалансаңыз болады. Бірақ, Blogger одан да алыс барып, сіздің блогыңызды өз хостингінізге қойып, Blogger-ді жазбаны жазу құралы ретінде (CMS немесе движок) пайдалануға болатын функциясың қосты. 

Қалған көптеген тақырыптардың бәрін біз болашақта  қарастыратың боламыз.

Егер сіздің блог ашқыңыз келсе, мен Blogger-ді кеңес бере аламын. Ең алдымен www.blogger.com сайтыңа барып, тіркеліп, аша беріңіз. Түсіну тілі өте оңай.

Егер сұрақтар болса, сұраңыз!

Ал әзірше бәріңізге сәттілік...

0 комментарий:

Отправить комментарий

Достарыңызға жариялаңыз!